• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 05 Маусым, 2023

Ресейлік боксшы аралас жекпе-жектен соң қайтыс болды

500 рет
көрсетілді

Қайғылы оқиға Ресейде аралас жекпе-жектен өткен жарыста болған, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Амур облысындағы жекпе-жек кезінде 16 жастағы жасөспірім басынан соққы алып, қайтыс болды. 

Ережеге сәйкес, кәмелетке толмаған барлық қатысушылар боксқа ашық түрдегі дулыға киюге міндетті болды. Алайда судья жасөспірімге онсыз жекпе-жек өткізуге рұқсат берді.

Басынан алған соққыдан жігіт құлап, есінен танып, жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Ресейдің ММА одағы мен тергеу органдары бұл оқиғаны тексеріп жатыр.