Өңір мектептерінің қажеттілігін ескере отырып, биыл облыстық бюджеттен 10 автобус сатып алу туралы шешім қабылданған еді.

Өйткені облыстың Жезқазған, Қаражал қалалары мен Жаңаарқа ауданында оқушыларды мектепке көлікпен тасымалдау қарастырылған. Атап айтқанда, облыс бойынша 1 026 оқушы, соның ішінде, Жаңаарқа ауданында – 347, Жезқазған қаласында – 135, Қаражал қаласында 544 оқушы мектепке тасымалдау арқылы қатынайды.
Халықаралық балаларды қорғау күнінде жоспарланған 10 автобустың екеуі Жезқазған қаласының №13 мектебі мен Жаңаарқа ауданының Қызылжар жалпы білім беретін мектебіне салтанатты түрде табысталды.
Жаңа оқу жылына дейін Қаражал қаласының №1, 30 мектептеріне, Ұлытау ауданының № 6, 1 тірек мектептеріне, Жаңаарқа ауданының №1 мектеп-лицейіне, Сәтбаев қаласының Оқушылар сарайына, Жезқазған қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатына, №3 «Білім-инновация» лицей-интернатына да автобустар берілетін болады. Келесі жылы да облыстық бюджеттен қаржы қарастыру арқылы мектептердің автопаркі жаңартыла бермек.
Ұлытау облысы