Экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Біз оның аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз», делінген ведомство хабарламасында.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Еске сала кетсек, Нұржан Әлтаев 2019 жылдың ақпанынан 2020 жылдың қарашасына дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.