• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 09 Маусым, 2023

Елордада кімдер белдеседі?

151 рет
көрсетілді

16-18 маусым күндері елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде дзюдодан «Qazaqstan Barysy Grand Slam» әлемдік жарысының алауы тұтанатыны белгілі. 2024 жылғы Париж Олимпиадасына қатысу үшін балуандарға рейтингтік ұпай беретін бұл жарыста әлемнің 44 елінен келген 400-ге жуық спортшы белдеседі. Олардың қатарында еліміздің де білекті балуандары бар.

Қазақстан дзюдо федерациясы баспасөз қызметінің мә­ліметі бойынша, «Үл­кен ду­лыға» санатындағы жарыс­та ел намысын ұлттық құрама көш­басшыларымен бірге, ересек­тер қатарына енді қосылып жатқан жас спортшылар да қорғайды.

Атап айтқанда, 2019 жылғы жастар ара­сындағы әлем чемпио­ны, «Grand Slam» додаларының жүл­дегері Нұрқанат Серікбаев, 2015 жылғы әлем біріншілігінің жеңім­пазы, былтыр Хорватияда ұйым­дас­тырылған «Grand Slam» турни­рінің алтын медаль иегері Мағ­жан Шамшадин, биылдан бас­тап ересектер дуына араласа бастаған Қанат Сейілхан мен Дәурен Сюкенов 60 кило сал­мақта белдесулерге шығады.

Ал 66 кило салмақ дәреже­сінде әлем чемпио­наты­ның кү­міс жүл­дегері Ғұс­ман Қырғыз­­баев, жастар арасын­дағы әлем чемпио­ны Ермек Аман­гелді, жастар арасындағы тур­нир­лердің жүл­дегері Айболат Ыс­тыбай, Сұңғат Жұбатқан бақ сы­найды.

Азия чемпионы Данияр Шам­шаев, Гран-при жарыста­ры­ның үш дүркін жеңімпазы, Рио Олимпиадасына қатысушы Жансай Смағұлов және Дархан Қойбағар, Асқар Нарқұлов 73 кило салмақта, Айбол Нысанәлі, Руслан Мұсаев, Абылайхан Жұ­баназар, Бекәділ Шаймерденов 81 килода, Ермахан Әнуарбеков, Мұхаммедәли Мавлидов, Құ­дірет Досымов, Аян Байғазы 90 килода, Нұрлыхан Шархан, Бекарыс Сәдуақас, Бекзат Ша­ғатаев, Ис­лам Бозбаев 100 килода, Ға­лым­жан Қырықбай, Әділ Ораз­баев, Ерасыл Қа­жы­баев, Мади Еділбаев 100 килодан жоғары салмақта татамиге шы­ғады.

Қыздар арасындағы бәсеке­лер­дің ең жеңіл салмағында әлем чемпионатының қола жүл­дегері, Азия біріншілігінің екі дүр­кін кү­міс жүлдегері, би­ыл Пор­туга­лия­­ның Алмада қала­сында ұйым­дас­тырылған жыл­дың алғашқы Гран-при жа­ры­сының жеңімпазы Әбиба Әбу­­жақынова, құрлық жа­рыста­рының жеңімпазы, Гран-при турнирлерінің жүлдегері Ғалия Тын­баева, Жанерке Асқарова мен Нұрайлым Сәрсенбек бас жүлде үшін белдесіп көреді.

Сонымен қатар Толғанай Әбеуова, Құндыз Жылқыбай, Гауһар Ермағамбетова (52 кг), Севара Нышанбаева, Бақыт Құ­сақбаева, Балнұр Құрманбай, Дана Әбдірова (57 кг), Мөлдір Нарынова, Есмигүл Куюлова, Анас­тасия Морозова (63 кг), Анас­тасия Маякова, Роза Ны­сан­тайқызы, Диана Телбаева (70 кг), Аруна Жангелдина, Наз­ерке Тілеуханова, Маргарита Гри­ценко (78 кг), Кәмила Бер­ліқаш, Ақерке Рамазанова, Назгүл Маратова 78 килодан жоғары салмақта күш сынасады.

Биыл Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) әлем­дік «Grand Slam» жарысын Қазақстанда өткізу туралы төрт­жылдық келісімшартқа қол қой­ды. Екіжақты келісімшартқа сәйкес, Қазақстан әлемдік «Grand Slam» жарысын 2023-2026 жылдар аралығында қабылдайды.

 «Qazaqstan barysy Grand Slam» турнирінде дзюдошылар 2024 жылы Парижде, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Жаз­ғы Олимпия ойындарына қатысу үшін ұпай жинайды.