2023 жылдың қаңтарынан сәуіріне дейінгі аралықта еліміз құны 910,8 мың доллар болатын 234,2 тонна балмұздақты экспорттаған. Үшінші елдерден (ЕАЭО-ға кірмейтін) 1 852,9 мың доллар құнға ие 432,8 тонна балмұздақ сатып алған.
Биыл бірінші тоқсанда ішкі нарықтағы өндіріс екі есе ұлғайып, 7,3 мың тоннаға жеткен. Үш айда мың тоннадан астам балмұздақ экспортқа шығарылған. Бұл – былтырмен салыстырғанда 30 пайызға жоғары көрсеткіш.
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, соңғы 3 жылда балмұздақ экспорты 1 217,8 тонна болыпты (4 832,3 мың доллар). 2020 жылы – 284,8 тонна, 2021 жылы – 367,9 тонна, 2022 жылы – 565,1 тонна. Тауар импорты 1 686,6 тоннаны құрайды. Құны – 6 453,2 мың доллар. 2020 жылы – 263,1 тонна, 2021 жылы – 215,2 тонна, 2022 жылы – 1208,3 тонна.
Қазақстан балмұздағының негізгі сатып алушысы – Өзбекстан. Бұл елге 2020 жылы – 221,6 тонна, 2021 жылы – 285,7 тонна, 2022 жылы 400,7 тонна өнім жеткізілген. Біздің балмұздақ Моңғолия, Әзербайжан, Түрікменстан және Тәжікстанға да сатылады. Ал ЕАЭО-ға кірмейтін елдер арасынан өз нарығымызда француз балмұздағы ерекше сұранысқа ие. Пандемия жылы бұл елден – 167,5 тонна, 2021 жылы – 110,5 тонна, былтыр 168,7 тонна балмұздақ әкелінген.
Бұдан бөлек біз Швейцария, Түркия, Украина, Испания, Италия, Корея және Бельгиядан да белсенді тасымалдаймыз. Әсіресе соңғы жылдары түрік балмұздағына деген қызығушылық тәп-тәуір артқан.