11 маусымда қауіпті метеорологиялық құбылыс болуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz «Казгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Абай, Ақмола, Жетісу облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, батысында, Ұлытау облысының орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Павлодар облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады», деп жазды синоптиктер.
Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында және орталығында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің барлық аймағында жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте, шығыста, орталықта бұршақ, шығыста, оңтүстікте дауыл болуы мүмкін.