• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Маусым, 2023

Бородулиха ауданына гуманитарлық көмек көрсетілді

319 рет
көрсетілді

Абай облысының еріктілері мен қамқор азаматтары Бородулиха ауданындағы апаттан зардап шеккен тұрғындарға қол ұшын созды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Гуманитарлық көмекті жинауға тек мемлекеттік органдар мен партия ұйымдары ғана емес, кәсіпорындар, жеке тұлғалар, коммерциялық емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, Достық үйі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де атсалысып, жерлестеріне азық-түлік, дәрі-дәрмек және бірінші қажеттілік заттарын жөнелтіп жатыр.

Жиналған заттар арнайы көліктерге тиеліп, өртпен белсенді күрес жүргізіліп жатқан аумақтарға, атап айтқанда Бородулиха-Жерновка мен Озерки-Талицаға жеткізілді.

Тек соңғы тәулікте 1,5 тонна ауыз су, 400 келі қой еті, құс еті, 600 келі көкөніс (картоп, пияз, сәбіз), 100 литрден астам май жеткізілді. Шаруа қожалықтарының басшылары азық-түлік жеткізу үшін екі көлік бөлді.

«Осындай қиын сәтте бәріміз жұдырықтай жұмылуымыз керек! Біздің Отанымыз бір! Бұл апатты да бірге еңсеруіміз керек», деді еріктілердің бірі Евгения Павел.