• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Шахмат 12 Маусым, 2023

Өзбек өрені үздік шықты

268 рет
көрсетілді

Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында ұйымдастырылған шахматтан Азия чем­пионаты аяқталды. Сары құрлықтың шахмат королі атағы өзбек гроссмейстері Шамсиддин Вохидовқа (ФИДЕ рейтингі 2583) бұйырды.

Тоғыз кезеңге жалғасқан бәсекеде өзбек­стандық шахматшы 7 ұпай жинап, бас жүлдеге ие болды. Күміс медаль 6,5 ұпай жина­ған Иран гроссмейстері Бардия Данеш­варға (ФИДЕ рейтингі 2555), қола жүлде 9 турда 6,5 ұпайға қол жеткізген отандасымыз Әлішер Сүлейменовке (ФИДЕ рейтингі 2463) бұйырды.

Шахматтан биылғы Азия чемпионаты 3-11 маусым күндері өткізілді. Оған Азия­ның 18 елінен ең мықты деген шахматшылар қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Біріншіліктің жалпы жүлде қоры – 100 000 АҚШ доллар.