• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2023

Абай облысындағы өрт: Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ

12904 рет
көрсетілді

Әлеуметтік желілерде қатты өрт жалынының кадрлары тарап жатыр. Бірақ қазіргі уақытта облыстың елді мекендеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бұл туралы Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, мамандардың жедел әрекеті мен дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында өрттің елді мекендерге таралуының алдын алуға мүмкіндік туды.

«Бүгінгі таңда өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі, Орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар мен Қорғаныс министрлігінен 1800-ден астам адам мен 350-ге жуық техника жұмылдырылған», делінген хабарламада.