• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Маусым, 2023

Абай облысындағы өрт: екі мемлекет қол ұшын созуға дайын

196 рет
көрсетілді

Өзбекстан мен Түркия елдері Абай облысындағы ірі орман өртін сөндіру жұмыстарына атсалысуға ниет білдірді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, ресми көмек ұсынылмаған. Алайда Түркия мен Өзбекстан тараптары ҚР СІМ өкілдерімен телефон арқылы сөйлесу барысында облыс тұрғындарына көмектесуге дайын екенін айтқан.

«Президент пен министр Түркия мен Өзбекстандағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті. Егер апат ауқымы одан әрі өссе, басқа елден көмек сұрауға мәжбүр боламыз. Бірақ біз бұл көмекті әлі сұрап жатқан жоқпыз», деді Айбек Смадияров.