Шахматтың рапид және блиц түрлерінен Грузияның Батуми қаласында ұйымдастырылған кадеттер мен жастар арасындағы әлем чемпионатында жерлестеріміз үздіктер қатарынан көрінді.
Әлемнің 35 елінен келген 8-18 жас аралығындағы 450-ден астам шахматшы бақ сынаған жарыста жерлестеріміз екі алтын және төрт күміс медаль жеңіп алды. Швейцариялық жүйе бойынша өткен жас ойыншылар арасындағы рапид сайысында Аланна Берікқызы (10 жасқа дейін), Айару Алтынбек (U-12) пен Зарина Нұрғалиева (U-14) өз жас санатында 2-орыннан көрінсе, блиц шахматта 8 жастағы отандасымыз Иман Нəбиев те күміс медальды мойнына тақты.
Ал Айару Алтынбек (U-12) пен Зарина Нұрғалиева (U-14) жылдам шахматта қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Жуырда ғана классикалық шахматтан 9 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы əлем чемпионатында үздік шыққан Аланна Берікқызы бұл сында үздік бестіктің қатарынан көрінді. Әлем чемпионатын ұйымдастырушылар барлық жас санатында үздік нəтиже көрсеткен 3 шахматшыға емес, 5 ойыншыға жүлде тапсырды.