• RUB:
    4.75
  • USD:
    498.55
  • EUR:
    524.28
Басты сайтқа өту
Теннис 13 Маусым, 2023

Финалда жеңілді

205 рет
көрсетілді

Теннистен әлемдік рейтингте 296-орын­да тұрған Михаил Кукушкин АҚШ-тың Тайлер қаласында мәресіне жет­кен «Челленджер» турнирінің финалында жеңіліп қалды.

Жерлесіміз мұхиттың арғы бетіндегі до­даның финалында әлемнің 187, осы жа­рыстың 3-ракеткашысы ретінде тір­келген америкалық Николас Морено Де Аль­боранмен шеберлік байқасты. Бас жүлде үшін өткен бәсекенің бірінші партиясында Кукушкин тай-брейкте сәтті ойнап, алғашқы сетті өз пайдасына аяқтады – 7:6 (10:8). Екін­ші сет те тай-брейкке дейін жалғасып, бұл жолы америкалық теннисшінің мерейі үстем болды – 7:6 (7:0). Ал үшінші, шешуші пар­тияда есеп 5:4 болған мезетте америкалық теннисші брейк жасап, матчты 6:4 есебімен түйіндеді.

Осылайша, америкалық Николас Мо­рено Де Альборан бір аптаның ішінде екі жерлесімізбен кездесіп, екеуін де қапы қал­дырды. Николас Морено осыдан бір апта бұрын Литтл-Рок қаласындағы додада Бейбіт Жұқаевты аса тартысты матчта 6:2, 6:7 (1:7), 7:6 (7:5) есебімен жеңіп кеткен еді.