Қазақстанның медиа кеңістігінде «Абай облысындағы орман өрті – аумағы бойынша әлемдегі ең үлкен өрт» деген ақпарат тарап жүр. Кейбір БАҚ өкілдері Greenpeace халықаралық үкіметтік емес экологиялық ұйымының өрт картасын негізге алғаны белгілі болды. Осыған орай Factcheck.kz бұл ақпараттың қаншалықты рас екенін тексеріп, шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Factcheck.kz редакциясына Greenpeace өкілдері хабарласып, қазақстандық медиада жарияланған өртке қатысты картаны жасамағанын жане оның шындыққа жанаспайтынын алға тартты.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ақпаратына сәйкес, облыста болған өрттің (12 маусымдағы дерек бойынша) жалпы ауданы 60 мың гектардан асып, оның 43 мың гектарында жану ошақтары бар екені анықталған.
«Канаданың Төтенше жағдайлар министрі Билл Блэр The Globe and Mail басылымына елде 431 өрт тіркелгенін, оның 200-ден астамы бақылаудан шығып кеткенін айтқан. Жыл басынан бері Канадада 4,7 млн гектардан астам жер өртенген. Елдің Квебек, Альберта жане Британдық Колумбияны коса алғанда бірнеше провинцияларында өрт әлі басылмаған», деп жазды Factcheck.kz.
Greenpeace ұйымының 13 маусымдағы ақпаратына сәйкес, орман өрті бойынша алғашқы бестікке Канада, Ресей, Бразилия, Аустралия жане Кытай кірген. Ал Абай облысындағы өрт бұл бестікке кірмеген.