• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Маусым, 2023

Алматыдағы Орталық ауруханада науқастар АИТВ жұқтырған

332 рет
көрсетілді

Алматының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ індетін жұқтырған үш адам анықталды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады.

2020 жылғы 20 қазандағы №140/2020 бұйрыққа сәйкес реанимация бөлімінде гемотрансфузия алған пациенттер 30 күннен кейін АИТВ-инфекциясына бақылау талдауынан өтуге міндетті. Алматы қаласындағы ЖИТС орталығының мамандары Орталық қалалық клиникалық ауруханасында АИТВ инфекциясын жұқтырған үш науқасты анықтады.

Анықталған фактілер негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен 2023 жылдың 2 маусымында ДДҰ басшысының орынбасары мен қалалық ЖИТС орталығы қызметкерлерінің төрағалығымен арнайы комиссия құрылды. Комиссия АИТВ-инфекциясының таралу көздерін анықтау бойынша ішкі тергеу жүргізді, донорлар, медицина қызметкерлері мен науқастармен байланыста болған адамдар тексерілді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 26.10.2020 ж. №153 бұйрығы негізінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы осы жылдың 13 маусымында комиссияның қорытындысын Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берді. 2023 жылдың 14 маусымында ДСЭГ ҚР ДСМ Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының мамандарын тарта отырып, ОҚКБ-ны жоспардан тыс тексеруге бастамашы болды.

Тексеру нәтижелері бойынша уәкілетті органдар тиісті шаралар қабылдайтыны қоса хабарланды.