• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 15 Маусым, 2023

Грузияда ұсталған қазақстандық шенеунік елге қайтарылды

2058 рет
көрсетілді

Бас прокуратура 2021 жылы Грузияда ұсталған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қайрат Сарытайдың Қазақстанға жеткізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Грузияның әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн тенгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды», делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Бұдан бұрын күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған болатын. Іздеу нәтижесінде Қайрат Сарытай Грузияда ұсталған.

«Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді», делінген хабарламада.

Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалған және тағылған айыптарға сәйкес оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.