Астанада Иманбаева көшесінің учаскесінде жол төсемі жөнделіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы орташа жөндеу жұмысын жүргізіп жатыр.
Осыған байланысты 15-18 маусым аралығында Ш.Иманбаева көшесінің Кенесары көшесінен Иманов көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.