• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Пікір 15 Маусым, 2023

Өзекті мәселелер Үкіметке ұсынылады

210 рет
көрсетілді

Былтыр Ұлттық құрылтайдың мүшелігіне ендім. Қарағанды облысынан мүшелікке өткеніме қуаныштымын. Мұның маңызы зор. Себебі Қарағанды об­лы­сын­дағы мәселелерді рес­публикалық деңгейде көтеру­ге, министрліктерге, Үкіметке жеткізуге мүмкіндік алдық.

Ұлттық құрылтай мүшесі болғаннан кейін елдегі жағдайды айтып, оны Президенттің құла­ғына жеткізуге тиіспіз. Өткен бір жылдың ішінде өте үлкен оқиғалар болды. Президент сайланды, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтті. 

Қазіргі таңда жер­гілікті жерде қордаланған мәселе көп  екені­не көзі­міз жетіп отыр. Қаржы­ның қалай бөлінетінін, қалай жұмсалатынын, қалай бөлінетінін, осы бағыттағы ауқым­ды кемшіліктерге куәміз. Бұдан бөлек, былтырғы және биылғы өрт те халықты мазасыздандырып отыр. Заңдар­ды, бағдарлама­лар­ды қабылдау бір бөлек. Сол себепті алдағы Құрылтайда өзекті мәселелер қозғалатыны сөзсіз. Яғни министрлік, Үкімет тарапынан бақылау жоқ, қадағалау жоқ. Жергілікті мекемелерге берген статистикаға сүйеніп, бүкіл жұмыс жақсы жүріп жатыр деп есептейді.

Министрлер ауылдарды аралап, халықпен кездесіп, мә­се­­­лені көзімен көруі керек. Тұр­ғындармен кездеспегеннен кейін осындай апаттар болып жатыр. Құрылтай мүшелерінің міндеті – жергілікті жердегі өзекті мәселелерді Президентке жеткізу. Құрылтайдың мүшесі  ретінде ауылға байланыс­ты, оның неліктен дамымай отырғаны туралы, көзім көр­ген мәселелерді баяндадым. Бұ­дан бөлек, білім, медицина, өндіріс, жер тақырыбына қатыс­ты салалардағы өрес­кел кем­шіліктерді, бағдар­ла­ма­лардың жетілмеген тұсын көр­сетіп, бірнеше ұсыныс жол­­дадық. 

 

Ләззат ҚОЖАХМЕТ,

Ұлттық құрылтай мүшесі