Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ермек Көшербаев 1965 жылы Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.
Еңбек жолы:
1988 жылы C.Киров атындағы Қазақ Ұлттық университетін шет тілінде оқытатын тарихшы мамандығы бойынша тәмәмдады. 1993 жылы КСРО Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады.
1988-1991 жж. - ҚазССР Сыртқы істер министрлігінің құпия іс қағаздарын жүргізу бойынша аға инспекторы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрінің көмекшісі.
1993-1994 жж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі. 1994-1996 жж. - Қазақстан Республикасының Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президент Аппараты Протокол қызметі басшысының міндетін атқарушы.
1996-1997 жж. – Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министірлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің Азиялық қауіпсіздік бөлімнің басшысы.
1997-1999 жж. Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің көмекшісі. 2000 жылдың қаңтар-қараша айларында «Нұрсұлтан Назарбаев білім фонды» директорының бірінші орынбасары. 2000-2001 жж. - баспасөз қызметінің басшысы, «ҚазТрансОйл ҰК» ЖАҚ-ның президент аппаратының басшысы.
2006-2007 жж. - «Отан Республикалық саяси партиясы» қоғамдық бірлестігінің орталық аппарат басшысы.
2008-2009 жж. - «Рауан Медиа Групп» АҚ-ның бас директоры.
2009-2010 жж. - «Ертіс қоғамдық-кәсіптік корпорация» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы.
2010-2014 жж. - ШҚО әкімінің бірінші орынбасары.
2014-2016 жж. – Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі.
2016-2018 жж. - Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы.
2018-2019 жж. - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болды.
2020 жылдың қаңтарынан ҚР Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып еңбек етті.