Аса мәртебелі ерекше қамқор Алланың атымен бастаймын. Пайғамбар Мұхаммед ғалейһи саламға Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Киелі шаһарда Ұлттық құрылтай аясында бірнеше мәселе айтылды. Соның ішінде Президент ұлттық құндылықтар дәріптелетіні жөнінде баяндады.
Осынау игі бастамалардың орындалуын Жаратушы Ием қазақ еліне нәсіп етсін, халқыма, ел басшылығына абырой берсін деп тілеймін. Мемлекет басшысы, сондай-ақ керемет жаңалықпен бөлісті. Ол – хан Кенесарының қолындағы қасиетті Құран Кәрімнің табылып, елге қайтарылуы. Иә қаншама уақыт өткен соң қасиетті кітап Отанымызға қайта оралды. Құтты болсын! Хан Кененің заманындай елдің имандылығын нәсіп етсін. Қазақтың бейбіт өмірі қияметке дейін мәңгі болсын. Кенесары хан бабамыз Аллаға сенген намазын тастамаған. Елін жерін қорғаған халқын соңынан ерте білген тұлға. Сондықтан бұл қуанышты хабарды жақсылықтың нышаны деп білеміз. Осы қасиетті кітаппен бірге елімізге құт береке дарысын.
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы