• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 19 Маусым, 2023

«Эль-Ниньо» жаһанға қандай қауіп төндіріп тұр?

1480 рет
көрсетілді

Эль-Ниньо - Тынық мұхитының экваториалды бөліміндегі беттік қабатындағы су температурасының тербелісі. Бұл құбылыстың климатқа елеулі әсері бар. Таяуда ғалымдар табиғи апатқа байланысты дабыл қақты. Төрткүл дүниеге тағы бір Эль-Ниньо ағысы қауіп төндіріп тұр.

Бұл жайлы «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Абай Асанкелдіұлы «Жаһанды алаңдатқан Эль-Ниньо» атты мақаласында жазды. 

Мақала авторының жазуынша, Тынық мұхитында болатын ерекше құбылыс әлемнің кей бөлігінде су тасқынын, басқа жағында құрғақшылықты тудыруы мүмкін.

Ұлттық мұхиттық және атмосфералық қауым­дастық ұсынған деректерге қарағанда, қазіргі таңда Эль-Ниньо ағысы басталды. Сондай-ақ Тынық мұхиты­ның шығысындағы экваторға жақын аймақтағы температура шамамен 0,5 градусқа жылынған. 

Айта кетейік, бұған дейін де әлемнің бірқатар елдері Эль-Ниньо салдарынан талай мәрте су тасқынынан, циклондардан, құрғақшылықтан, орман өртінен зардап шеккен.

Еуропалық одақтағы Коперник атындағы климат­тың өзгеруі қызметі басшысы Карло Буонтемпо кейінгі жылдары Ла-Ниньаның сал­қын­датушы әсеріне қарамастан, Эль-Ни­ньо­ның қызуы артып кеткенін айтады. Осының салда­рынан Тынық мұхи­тын жағалай қоныс тепкен бірқатар мемлекетке қиын тимек.

Бұл ретте мақала авторы Америка құрлығындағы бірнеше ел, Жапония, Аустралия мен Жаңа Зеландия Эль-Ниньо салдарынан зардап шегуі мүмкін екенін жазды.