• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Тағайындау 19 Маусым, 2023

Алматының энергетика және сумен жабдықтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

234 рет
көрсетілді

Алматы қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметіне Талғат Малыбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Талғат Малыбаев 1987 жылдың 20 желтоқсанында Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «көлік» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы Қарағандыдағы «Агро-Консалтинг-К» АҚ Стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы ретінде бастады.

Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы қаласының «Алматы жылу желілері» ЖШС-де, Алматы облысының «Жетісу» ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызметтер атқарды.     

Тағайындалғанға дейін «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының басшысы болып жұмыс істеді.