• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 19 Маусым, 2023

Астанадағы өрт оқшауланды

322 рет
көрсетілді

Елордадағы өрт 21:09-да оқшауланды. Өрттің жалпы ауданы 80 га аумақты құрады. Зардап шеккендер жоқ, өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД жеке құрамынан 158 адам мен 33 бірлік техника, сондай-ақ қала әкімдігі мен Астана Орманы техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің екі МИ-17 тікұшағы тартылды.