• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Кәсіпкер 19 Маусым, 2023

Қайтарымсыз гранттың көмегі

268 рет
көрсетілді

Сыр бойында құрылыс материалдарын өндіру аясы кеңейе түсті. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдауға ие болған «Әсет» ЖК салаға қажетті жаңа өнімдерді шығаруға кірісті. Шағын өндіріс орны ұлттық жоба аясында қайтарымсыз грантқа ие болыпты.

Кәсіпорын қазір жылуды сыртқа шығармайтын панельдер мен сэндвич-панельдер, фибробетон тақталар және өзге де құрылыс материалдарын шығарып отыр.

– Соңғы жылдары республикамызда құрылыс индустриясы жедел қарқынмен өсіп келеді. Облыс орталығымен қатар аудандарда да түрлі ғимарат бой түзеді. Сондықтан да өніміміз сұраныссыз қалмайды. Біздің цех Арал қаласында орналасқан, фибробетоннан тақталар, панельдер шығарамыз. Өнімдеріміз халықаралық талаптарға сай, ішкі нарықпен қатар экспортқа шығаруға да болады, – дейді кәсіпорын басшысы Әсет Жұмағалиев.

Білікті мамандарды біріктірген зауыт бүгінгі күннің талабына сай озық технологиямен жабдықталған. Кәсіп­кер қайтарымсыз грант қара­жа­­тына кәсіпорынға заманауи құрыл­ғы­лар алыпты. Зауыт толығымен авто­мат­тандырылған. Жаңа технология өнім­ділікті арттырып, жұмысты да жеңіл­де­тіп отыр.

 

Қызылорда