• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауыр атлетика 21 Маусым, 2023

Допинг дауына іліккен атлеттер

139 рет
көрсетілді

Қайбір жылы әлеуметтік желіде бір әріптесіміз «қазір ауыр атлеттеріміз бір жарыстан жүлде жеңіп алса қуанбайтын жағдайға жеттік. Қайта сол медалін енді қашан қайтарып алады екен деп уайымдайтын болдық» деп әзілдеп пост жазғаны бар еді. Арада көп уақыт өтпей, сол әзілі бүгінде шындыққа айналды. Себебі күні кеше еліміздің Көк байрағын әлемдік аренада биікке көтеріп жүрген бірнеше ауыр атлетіміздің қанынан тыйым салынған препарат табылғаны анықталып, жүлдені қосымша «күшпен» жеңіп алғаны белгілі болды.

Ауыр атлетика федерация­сы­­ тарат­қан мәлімет бойынша до­пингпен ұсталған спорт­шы­лар­дың қатарында 2018 жылы Аш­ғабаттағы әлем чем­пио­на­ты­­ның күміс жүлдегері, 2021 жы­лы Ташкентте өткен жаһан бірін­шілігінің жеңімпазы, 2020 жылғы сары құрлық додасының екі дүркін қола және күміс жүл­де­гері, сонымен қатар Азия чем­пионы деген дардай атағы бар Арли Чонтей, жуырда ғана Оң­түстік Кореяның Чинджу қала­сында ұйымдастырылған Азия чемпионатының алтын ме­даль­ иегері, жастар ара­сын­­да­ғы­ Азия чемпионы және әлем чемпионатының күміс жүл­де­гері, мамандар тарапынан­ Па­риж­ Олимпиадасында ел қоржы­нына жүлде салуы мүмкін деген­ спорт­шы­лардың қатарында болған 23 жастағы Нұрғиса Әділетұлы, ере­сектер арасындағы әлем және Азия чемпионатының қола жүл­де­гері Алексей Чур­кин, Азия чем­­пио­натының қола және күміс жүл­де­гері Артем Антропов, был­тырғы жасөспірімдер ара­сын­дағы Азия чемпио­на­ты­­ның жеңім­пазы Денис Полу­бо­я­ринов, соны­мен қатар жас­өспірім қыздар ара­сын­дағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Алина Колиушко мен қола жүлдегері Екатери­на Аля­­к­и­­­на бар.

«12 маусымда Ауыр атле­тика федерациясы Халықаралық тес­тілеу агенттігінен (ITA) елі­міз­дің ұлттық құрамасының спорт­шысы Артем Антроповтың допинг-сынамасы оң нәтиже көр­­сеткені туралы хабарлама алды. Спортшы допинг сына­ма­­ны 12 мамырда Оңтүстік Корея­да өткен Азия чемпионатынан кейін тапсырған болатын. Ал өзге спортшылардан допинг сынама сәуір айында жарыстан тыс жағдайда алынып, оның ішінде алты ауыр атлетіміздің қаны­нан тыйым салынған препарат табылғаны анықталып отыр. Бүгінгі күні спортшылар допин­гке қарсы ережелерді бұз­ғаны туралы хабарлама алды. Оларға тағайындалатын жаза түрі әрқай­сысы қолданған пре­пара­тын және толық тер­геу­дің нәти­жесі бойын­ша қабыл­да­нады. Жоға­ры­да аталған спорт­шы­лар­дың бар­лы­ғы қазіргі уақытта спорт­тық іс-шаралар мен оқу-жат­тығу жиын­да­рынан уақытша шет­тетілді.

Федерация «таза спорт» саясатын ұс­та­на отырып, оқиғаны тәуелсіз тексеру үшін комиссия құрды. Тергеу кезеңінде ко­миссия құрамы спортшылардың до­пинг­ті кез келген тамақ түрі арқылы абай­­сызда пайдаланғанын немесе­ до­пинг­ екенін біле тұра қаса­қана қол­дан­ға­нын анық­тайды. Тексеру үшін спорт­шы­­лар­дан дайындық кезеңінде жеген, қа­былдаған спорт­тық тамақтары мен ви­та­­мин­де­рі­нің үлгілері алынды. Сон­дай­-ақ спортшыларға «Б» сынамасын қай­та тапсыруға мүмкіндік жағын беру де­ қарастырылып жатыр», делін­ген хабарламада.

Сонымен қатар федера­ция­ спорт­­шыларды тергеу жұмыс­та­ры­нан бөлек, жұмысына сал­ғырт­тық танытқаны үшін елі­міз­дің ерлер және әйелдер құ­рама коман­даларының бас жат­тық­ты­ру­­шы­ларын қыз­ме­ті­нен­ босату тура­лы министрлікке өтініш жол­да­ғаны белгілі болды.

Допингке қарсы ұлттық орта­лы­ғының мәліметі бойынша жыл­ басынан бері 14 тау кө­тер­ген­ «толағайымыз» допингпен ұста­лып отыр. Наурыз айын­да Токио Олимпиадасының қола жүл­­дегері Игорь Сон бастаған жас­­­өспірімдер арасындағы әлем және Азия чемпионы Рахат Бек­болат, жас­өспірімдер ара­сын­да­ғы әлем және Азия чем­пио­на­ты­ның қола жүлдегері Абы­лай Әуелханов және тағы бас­қа спорт­шыларымыздың да допинг қол­данғаны анықталып, төрт жыл­дан сегіз жылға дейін спорт­тан­ шеттетілген болатын.