• RUB:
    5.43
  • USD:
    472.62
  • EUR:
    513.22
Басты сайтқа өту
Форум 22 Маусым, 2023

Жастарға жігер берген форум

361 рет
көрсетілді

Алматы облысының Жамбыл ауданы орталығындағы «Жамбыл» мұражайында «Qazaqstan Ardagerleri» қауымдастығының қолдауымен, Жамбыл аудандық мәслихат депутаты Айдын Серікұлының ұйымдастыруымен «Мен жастарға сенемін!» атты жастар форумы өтті. Форумға жас мемлекеттік қызметкерлер, депутаттар, кәсіпкерлер, спортшылар қатысты.

Форум жұмысына Ауған соғысы арда­гер­ле­рі­ ұйымдарының «Qazaqstan ardagerleri» қауым­дастығының төрағасы  Бақытбек Сма­ғұл,­ жазушы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының ке­лі­ні  Зейнеп Ахметова, жазушы, абайтанушы­ Омар Жәлел, ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лау­реаты Маралтай Райымбекұлы секілді қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысып, жас мем­лекеттік қызметшілерге елге адал қызмет ету, білім мен ғылымға ұмтылу, ұлттық дәс­түр­ мен салтты қастерлеу тұрғысында ма­ғы­налы да салиқалы әңгіме жүргізді.  

Форум аясында белсенді жас­тар іс-шара­ның­ қонақтарына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тиісінше жауап алды. Бақытбек Смағұл Отанға қызмет ету жолындағы елдік, ерлік жа­йында тағылымды әңгіме өр­бітсе, Маралтай Райымбекұлы ұлттық құн­ды­лықтар, өнер мен әдебиеттің қасиеті тура­лы тебіренді. Зейнеп Ахметова қазақтың от­басы дәстүрі, адамның мейірімі мен қайы­рым­дылығы жайында ойын ортаға салып, Бауыр­жан­ Момышұлы атасының ұлттық тәрбиедегі қа­дір-қасиетін өнеге етіп жеткізді. Омар Жә­лел де қазіргі қоғамдағы орын алып жат­қан­ келеңсіз жағ­дай­лардан мысалдар келтіріп,­ жас­­тар­ды ұлттық құндылықтарға қарай бұрылуға ша­қырды.

 Жиын аясында бірнеше бел­сенді жас «Gazaqstan ardagerleri» қауымдастығының Бауыр­жан Момышұлы атын­дағы «Батыр шапа­ға­ты» төсбелгісімен марапатталды. Олардың қа­тарында жеке бренд қалыптастырушы ма­ман, «Екінші болма», «Бізге айтылмаған құ­пия»  кітаптарының редакторы, «Сен жал­ғыз­ емессің», «Жан ұясы» кітаптарының жоба жетекшісі Айым Жекенова, Жапония елін­дегі қазақ мәдени орталығының директоры Жадыра Сембай, ұлт­тық заманауи ша­пандар тігіп, қазақ ұлттық киімдерін зама­на­уи­ стильде насихаттап жүрген «Alkum» брен­дінің негізін қалау­шы Темірлан Айдар, жас жазушы Жұлдыз Қайратқызы, күйші, Ұлы­британиядағы халықаралық сайыстың жеңім­па­зы Мәртебе Бауыржанқызы, джиу-джитсу­да­н әлем чемпионы Мұхаммед Болсабек бол­ды. 

Сонымен қатар аға буын өкіл­дерінің ақыл-пара­сатын тыңдап, ортақ мәселелерді талқыға са­лып, өз сұрақтарын қойып, жылы лебіздерін біл­дірген форум қатысу­шылары  Алматы об­лыс­тық мәсли­хатының депутаты, «Sagadat Batyr-QTT» спорт клубының бас жат­тықтырушысы  Нұр­сұлтан Орынбасаров,  танымал дизайнер,­ сти­лист, Димаш Құдайберген, Мирас Жүгі­ні­сов, «Ninety One» тобының сахналық образ­да­­рының авторы Ақбота Бақытжан, оратор-мотиватор  Арай Серікқызы, маркетинг сала­сы­ның сарапшысы Маржан Абуталип арнайы ал­ғыс­хаттармен мараппаталды.

Жастар мен аға буын форумнан кейін Жам­был, Бауыржан аталарымыздың рухы­на­ құран бағыштап, ескерткіштерге гүл шоқ­­­­­­тарын қойды. Ең бастысы, бұл форум жас­тар­ға жігер бергенін түйсіндік.

 

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ,

журналист