Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Илкли (Ұлыбритания) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген Недовесов пен эквадорлық Гонсало Эскобар әуелі аустралиялықтар Эндрю Харрис – Люк Сэвилді 6:2, 6:4 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстандық-эквадорлық дуэт ширек финалда германиялықтар Константин Францен – Хендрик Йебенспен шеберлік байқасты.
Недовесов – Эскобар 6:4, 3:6, 10:4 есебімен жеңді.
Александр мен Гонсало жартылай финалда бельгиялықтар Зизу Бергс – Йорис де Лоремен кездесті.
Бірінші партияда бельгиялық жұп тай-брейкте сәтті ойнады – 7:6 (7:3).
Екінші сетте есеп 5:5 болған мезетте қазақстандық-эквадорлық жұп брейк жасап, сосын өз геймдерін алды – 7:5. Содан кейін супер тай-брейкте мүмкіндіктерін жіберген жоқ – 10:5.
Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар финалда доданың 3-ракеткалары, америкалық Роберт Гэллоуэй – аустралиялық Джон Патрик Смитпен бас жүлдені сарапқа салады.