• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Жекпе-жек 25 Маусым, 2023

Үшінші айқасында да ұтылды

153 рет
көрсетілді

Аралас жекпе-жектің ең беделді ұйымы – UFC-де өнер көрсететін отан­да­сымыз Жалғас Жұмағұлов (14-8) АҚШ-тың Флорида штатында өткен UFC on ABC 5 турнирінде кезек­ті айқасын өткізіп, қатарынан үшінші мәрте жеңіліп қалды.

UFC-дің ең жеңіл салмағында бақ сынайтын даңқты жерлесіміз мұхиттың арғы бетіндегі жекпе-жек кешінде америкалық Джошуа Ванмен (7-1) күш сынасып, үш раундқа жоспарланған айқаста төрешілердің бір­ауыздан қабылдаған шешімімен қарсы­ла­сына жол берді. Осылайша, Джошуа Ван кәсіби карьерасындағы 8-жеңісіне қол жет­кізсе, Жалғас Жұмағұлов 9-рет жеңілді.

2020 жылдың шілдесінде UFC ұйымы­мен келісімшартқа отырған отандасымыз бүгінге дейін жеті жекпе-жек өткізіп, соның тек біреуінде ғана жеңіске жету бақы­ты бұйырды. Қалған алты кездесуінде қарсыластарының осал тұсын таба алмады.