• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Маусым, 2023

«Өзенмұнайгаз» қызметкерлерді жұмысқа заңсыз қабылдаған

457 рет
көрсетілді

«Өзенмұнайгаз» компаниясына жүргізілген текскерістің қорытындысы белгілі болды. Бұл туралы «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Гүлайым Дәуітбай «Өзенмұнайгаздағы» тексеріс қорытындысы» мақаласында егжей-тегжейлі жазды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Экономикалық және ішкі қауіпсіздік бөлімінің бастығы Ә.Атабаев «Өзенмұнайгазға» жұ­мыс­қа орналасу және ішкі коммуникация мә­се­лелері, мер­дігерлік ұйымдарды бас­қару мен мекеменің қаржы-шаруа­шы­­­лық қызметін тексеру қоры­тындыларын айтып берді.

- «Өзенмұнайгаз» аутс­таф­фин­гінің ­же­келеген қызмет­кер­лерін жал­ған жұ­мыс­қа орналас­ты­ру бойынша ақпарат­қа тексе­ру жүр­гізілді. Компанияға келті­­ріл­ген залалдың алдын ала сомасы 47 млн теңгені құрайды. Осы факті төңірегінде ҚР ҚК 361-бабы 3-тармағының 4-бөлігі, яғни лауазымдық өкілеттікте­рін теріс пайдалану бойынша ком­па­нияның лауазымды басшы тұл­ғаларына қатысты сотқа де­йінгі тергеу жүргізіліп жатыр», деді Ә.Атабаев.

Сондай-ақ сирек қолданыс­та­ғы ма­мандық иесі ре­тінде жұмыс­қа қа­былданған 238 адам­ның 17-сі­нің біліктілігі жоқ болып шық­­са, 33 адам қысқа мерзімде ком­па­ния­дағы өзге қызметтерге ауы­сып кеткен. Баяндамашының айтуынша, сирек қол­даныстағы ма­мандық иесіне деген сұ­ра­ныс­ты штатқа қабылданудың ама­лы ретінде пайдаланған.

Сон­­­дай-ақ Маң­ғыстау облысы оқу орын­дарының жал­ған сер­ти­­фи­каттары «Өзенмұнайгаз» ком­­паниясының штатына кіру үшін пай­даланылғаны туралы фактілер, «Өзен­мұнайгаз» АҚ Корпоративті оқу орта­лығының хат­тамасында комиссия мүше­лерінің атынан әлдекімдер жал­ған қол қойып, жұмысқа қабыл­дау процедурасынан өтпеген адамдарды инженер қызметіне қабылдағаны анық­талып, құзырлы орындарға жіберілген.