• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Маусым, 2023

Ақтауда балабақша директорлары мемлекеттік қызметшіге сыйлық берген

689 рет
көрсетілді

Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Біржан Хайруллин айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтау қаласындағы 26 жеке балабақшаның директоры бірігіп, 1 000 теңгеден жинап, Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысына жалпы сомасы 40 мың теңгеге сауда үйінен сертификат пен торт сыйлаған.

«Бұл жағдай туралы білім бөлімінің басшысы өзі хабар берген. Лауазымды тұлғаға сыйлық беруге әрекеттенген 25 балабақша директоры өз іс-әрекеттерін бірден мойындады. Оларға қатысты ҚР ӘҚбК 676-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысы 345 000 теңге айыппұл төледі. Бір директор бұл әрекетін мойындамағандықтан әкімшілік іс сотта қаралып, директор кінәлі деп танылды. Ол 483 000 теңге айыппұл төледі», деді Біржан Хайруллин қоғамдық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында.

Осы орайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мемлекеттiк қызметшiнiң өзiне бағынысты тұлғалардан қандай да бір себептерiне қарамастан сыйлық қабылдауға құқығы жоқ екенін қатаң ескертті.