• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Экология 26 Маусым, 2023

Қарағанды облысында киіктер неден қырылғаны айтылды

320 рет
көрсетілді

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағанды облысындағы киіктердің өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

26 маусымда Қарағанды облысы Нұра ауданы Қайнар ауылынан батысқа қарай 20 шақырым жердегі Құлан өзенінен барлығы 86 бас киік лақтарының өлексесі табылды.  

«Жануарлардың өлекселері бұзылып бастағандықтан олардың жынысын анықтау мүмкіндігі болмады, сондай-ақ терінің жоғарғы қабатында оқ іздері табылмады, яғни қылмыстық іздер жоқ. Киік өлекселері судан алынып, арнайы полигонға апарылып, жойылды. Анықталғандай, киік лақтары өзеннен өту кезінде суға батып кеткен», делінген ведомство хабарламасында.