Шемонаихадағы газ құю бекетінде болған жарылыс салдарынан екі адам жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денесін 100 пайыз күйік шалған екі адам жансақтау бөлімінде ес жимастан көз жұмды. Дәрігерлер олардың өмірін сақтау үшін 48 сағат күрескен. Өкінішке қарай, оларды аман алып қалу мүмкін болмады.
Айта кетсек, жеңіл жарақат алған екі науқастың жағдайы жақсы.