• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Маусым, 2023

Жарысты жалғыз қоламен түйіндеді

211 рет
көрсетілді

Моңғолияның бас шаһары – Ұлан-Батырда ұйымдастырылған дзюдодан «Grand Slam» жарысы өз мәресіне жетті. Әлемнің 45 елінен келген 350 дзюдошы белдескен жарыста ел намысын 17 балуан қорғады.

Екі күнге жалғасқан дүниежүзілік до­дада жерлестерімізге бір ғана жүлде бұ­йырды. Ұлан-Батыр татамиінде 81 кило салмақ дәрежесінде белдескен Абылайхан Жұбаназар жарыстың ширек финалына дейін жеткенімен, ¼ финалда жапониялық Кения Охарадан жеңіліп қалды. Дегенмен отандасымыз жұбаныш белдесуінде Бах­рейн спортшысы Аскерби Гербековтен басым түсіп, қола медаль үшін күресуге мүм­кіндік алды. Ал бұл сында жерлесіміз жарыс қожайыны Молд-Очир Герелтуяны жеңіп, қола жүлдені мойнында жарқыратты. Абылайхан бастапқы бәсекеде германиялық Доминик Ресселді иппонмен жеңсе, екінші айналымда моңғолиялық Буянцагаан Эрде­небатты жарыс жолынан ығыстырды.

Бұл – Абылайханның «Grand Slam» сериясындағы екінші жүлдесі. Ол бұған дейін Грузия астанасы – Тбилисиде өткен «Үлкен дулыға» турнирінің финалында жеңіліп, күміс медаль алған болатын. Ал былтыр дәл осы Моңғолиядағы «Grand Slam» турнирінде 5-орынға табан тіреген еді.