• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бокс 27 Маусым, 2023

«Елорда кубогі» басталды

230 рет
көрсетілді

Бүгін елордадағы «Beeline Arena» спорт кешенінде бокстан ерлер мен әйелдер арасында бокстан ІІ халықаралық «Ел­орда кубогі» турнирінің алауы тұтанды.

2 шілдеге дейін жалғасатын дүбірлі додада әлемнің алыс-жақын 12 мемлекетінен келген 200-ден аса спортшы бақ сынайды. Олардың ішінде Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және басқа елдердің өкілдері бар. Сонымен қатар бұл жарыста еліміздің көшбасшы боксшыларынан бөлек, екінші және үшінші нөмірлі былғары қолғап шеберлері де бақ сынайды.

«Елорда кубогінде» ерлер 13 салмақ дәрежесінде (46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг), ал әйелдер 12 салмақ дәрежесінде (45-48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг) сынға түседі.