• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 26 Маусым, 2023

«Парламент сөзі» жеңімпаздары

203 рет
көрсетілді

Мәжілісте журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығының қорытындысы жарияланып, арнаулы аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды.

Құрамында Мәжіліс депутаттары мен мемлекеттік орган өкілдері кіретін комиссия шешімі бойынша осы жылы жеңімпаздар жеті аталым бойынша сайысқа түсті. Биыл парламенттік сыйлық сегізінші рет тапсырылып отыр.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов «Парламент сөзі» сыйлығының жеңімпаздары мен барша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады.

«Журналистер күні тек сіздердің ғана мерекелеріңіз емес, бұл – күллі қоғамның мерекесі. Себебі қоғамды сіздерсіз, БАҚ өкілдерінсіз елестету мүмкін емес. Біздің жұмысты насихаттап, елге заңдардың мәнін түсіндіретін де сіздер. Сол үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Баршаңызға зор ден­саулық, бақ-бе­реке және шығар­машылық табыс тілеймін», деді Пала­та спикері.

Cалтанатты жиында «Парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымында «Заң» газетінен Айша Тұрмағанбетова, «Жетінші арна» телеарнасынан Айбек Қобдабай жеңіске жетті. «Үздік баспа жарияланымы үшін» аталымын «Литер» газетінен Жаннат Ойшыбаева, «Новое поколение» газетінен Ольга Шишанова иеленді. «Үздік телевизиялық сюжет үшін» аталымы «Qazaqstan» ұлттық арнасынан Дарын Сағитов, «Jibek Joly» телеарнасынан Әнуар Карбозов, «Atameken Business» телеарнасынан Фариза Болатбекқызына табыс­талды.

Ал «Үздік бейнесурет материалы үшін» аталымын «Курсив» газетінен Асқар Ах­метуллин, «31 арна» телеарнасынан Нұркен Тоқмурзин иеленді. «Үздік интернет жә­не радио материа­лы үшін» аталымын «Қазақпарат» ха­лық­­­аралық ақпараттық агенттігінен Рус­лан Ғапбасов, «Қазақ радиосынан» Жанболат Шәкім, «Zakon.kz» сайтынан Оксана Даирова алды. «Арнайы репортаж» аталымы бойынша «Мәжіліс Live» бағдарламасынан Жадыра Медетбекова, «Сұрауы бар» YouTube арнасынан Ербол Сейілхан, «Ulysmedia.kz» ақпараттық агенттігінен Аян Өрібаев марапатталды. Сондай-ақ «Парламент сөзі» арнайы сыйлығы аталымы «Астана» телеарнасы мен «Qazcontent» акционерлік қоғамының ұжымына табыс­талды.