Биыл Астана күнінде отшашу болмайды. Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда әкімдігінде атап өткендей, қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам мерекелік іс-шара өткізу жоспарланған. Оның 90-ға жуығы елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады.
Сонымен қатар мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысан ашылады, соның ішінде Оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар, қоғамдық орындар, үлескерлерге пәтер кілттері табыс етіледі.
Айта кетейік елімізде Астана күні 6 шілде күні тойланады. Биыл елордамызға 25 жыл толады.