• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 29 Маусым, 2023

Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

481 рет
көрсетілді

«Казгидромет» РМК синоптиктері алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Казгидромет» мәліметінше, алдағы үш тәулікте республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындалады. Осыған байланысты өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. 1 шілдеде еліміздің батысында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін, ал Қазақстанның солтүстігі мен орталығында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.

Күндізгі ауа температурасы солтүстікте 25-30 жылыға дейін, орталықта 30-35 жылыға дейін, оңтүстікте 33-38 жылыға дейін, оңтүстік-шығыста 28-33 жылыға дейін біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Республиканың шығысында термометрлердің бағандары 17-25 жылыға дейін жоғарылайды, ал еліміздің батысында температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, күндіз 25-30 жылыға дейін, оңтүстік-батыста 33-38 жылыға дейін жетеді.