• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Футбол 29 Маусым, 2023

«Тобыл» мен «Астананың» жеңісі

262 рет
көрсетілді

Өткен сәрсенбі күні футболдан Қазақ­стан кубогі жолындағы жарыстың жартылай финалындағы алғашқы кездесулер өтті.

 

Ел кубогі бәсекесінің үш дүркін жеңімпазы «Астана» өз алаңында өткен жартылай финалдың алғашқы ойынында Шымкенттің «Ордабасы» клубын қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды екінші таймның 73-минутында алаң қожайындары сапынан Игорь Иванович соқты.

Ал жартылай финалдың екінші матчында «Тобыл» мен «Атырау» командалары кездесіп, бұл ойында да кездесудің тағдырын алаң иелері соққан жалғыз гол шешіп кетті. Бәсекенің 83-минутында «Тобыл» сапынан Асмир Сульич мергендік танытты.

«Астана» мен «Ордабасы» арасындағы қарымта матч 6 шілдеде, «Тобыл» мен «Аты­раудың» қарымта кездесуі 8 шілдеде өтеді.