• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Таным 30 Маусым, 2023

Өлімге себеп болған жейде жағасы

1150 рет
көрсетілді

XIX ғасырда өмірге қауіп төндіретін киімдерді кию қалыпты жағдайлардың бірі болған. Мысалы, нәзік жандылардың есінен тануға дейін әкеп соқтыратын корсеттің бірнеше түрі болған, деп хабарлайды Egemen.kz

Киімге қатысты қиындықтар ер адамдарды да айналып өтпеген. 

Сол дәуірде ер адамдарға арналған алынбалы жағалар сәнде болған. Оны жейдеден бөлек алып жуу өте ынғайлы. Негізі жағалардың өздері зиянсыз болған, бірақ оларды крахмалдаған кезде мата қатайып, иілмей қалады екен. Бұндай жаға қан айналым жүйесіне теріс әсер еткен. 

Ал дәл сол уақытта көбісі алкогольді сусындарға құмар болған деседі. Ішімдікке тойып алған адам басын абайсызда сәтсіз бұрып қалған жағдайда крахмалданған жағасының кесірінен өмірімен де қош айтысқан сәттер болған.