Алматыда жолаушы мен автобус жүргізушісі арасында төбелес болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Төбелес қаладағы аялдамалардың бірінде орын алған.
Бейнежазбадан жас жігіттің автобус жүргізушісіне қарай жұдырық ала жүгіргенін және тепкенін көруге болады.
Алматы қалалық полиция департаменті бұл факті бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатқанын хабарлады.
«Төбелестің мән-жайы анықталып жатыр. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады», деп атап өтті қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.