Алматы қаласында ұйымдастырылған ауыр атлетикадан VI жазғы спартакиадасы өз мәресіне жетті. «Толағайлар» бәсекесінде Алматы қаласының спортшылары үздік шықты.
Спартакиада қорытындысы бойынша, ерлер арасында жалпыкомандалық есепте 4 алтын, 2 күміс медаль олжалаған Алматы қаласының спортшылары жеңіске жетсе, екінші орынды Қарағанды облысының (2 алтын, 1 күміс) командасы алды. Үшінші орын Жетісу облысының (1 алтын, 3 күміс, 1 қола) ауыр атлеттеріне бұйырды. Ал әйелдер арасында Қарағанды облысы (3 алтын) жеңімпаз атанса, Жетісу облысы (2 алтын, 2 күміс, 4 қола) күміс, Ақмола облысы (2 алтын, 2 күміс, 1 қола) қола жүлдені иеленді.
Әр төрт жылда бір өтетін дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық зілтемірші қатысты.