• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Шілде, 2023

Жетісу облысында ірі көлемдегі заңсыз темекі өнімдері тәркіленді

214 рет
көрсетілді

Жетісу облысында жалпы құны 7 млн ​​теңгеден асатын бақылау белгілері жоқ темекі өнімдері тәркіленді. Ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап. 

Жүк көлігін тексеру барысында жалпы құны 7 млн ​​теңгеден асатын 10 мыңнан астам қорапты құрайтын тіркеу және бақылау белгілері жоқ темекі өнімдері табылып, тәркіленді. 

Қазіргі уақытта темекінің шығу тегі анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге мәліметтер жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.