Ұлттық статистика бюросы ел азаматтарының саны туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство ұсынған деректерге қарағанда, 2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша ел халқының саны 19 879 003 адамды құрады.
Жыл басынан бері ел халқының саны 112 мың адамға өсті, оның 105 мыңы табиғи өсім есебінен болса (туылғандар саны өлгендер санынан асты), 6,9 мың адам – көшіп келген азматтар.
Өңірлер арасында ең көп халық саны Алматы қаласында – 2 185 596 адам. Халық саны бойынша Түркістан облысы екінші орында тұр – 2 132 208 адам, Алматы облысы алғашқы үштікті – 1 516 506 адаммен түйіндеді.
Астана халық саны бойынша төртінші орында – 1 376 528 адам, Жамбыл облысы бесінші орында – 1 222 093 адам.
Халық санының ең жоғары өсімі Алматы (+23 694 адам), Астана (+21 972) қалаларында және Түркістан облысында (12 982) байқалды.
Халық саны Солтүстік Қазақстан (-977 адам), Шығыс Қазақстан (-425 адам) және Қостанай облыстарында (-374) азайды.
Айта кетейік, Қазақстан халқы 2022 жылы 261 845 адамға өсті.