• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 03 Шілде, 2023

Еуропада үздік шықты

461 рет
көрсетілді

Мажарстанның Помаз қаласында ұйым­дастырылған ат үстінде садақ ату спортынан (жамбы ату) Әлем кубогі жарысы аяқталды. Құралайды көзге атқан мергендер додасына Еуро­паның жиырмаға жуық елінен және Қазақстаннан барған жүзге жуық спортшы қатысты.

Жамбы ату бойынша еліміздің ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарып, бас жүлдені жеңіп алды. Аталған халықаралық додада ел намысын Ералхан Айкөз, Бақдәулет Бабажан, Батыр Бекса­уыт, Мадияр Шәріпбаев сынды мергендер қорғады.

Сондай-ақ ат үстінде садақ ату өнері жоғары дәрежеде дамыған Германия, Фран­ция, Финляндия, Италия, Португалия, Ма­жарстан сияқты елдердің мергендерін таң­ғалдырған жерлестеріміз «Корей» стилі бойынша (ат үстінде садақ атуда ең қиын стиль түрі) өткен сайыста да үздік шықты. Атап айтар болсақ, Ералхан Айкөз – алтын, Батыр Бексауыт күміс медаль алды. Ал «аңшылық трек» нысанасы бойынша Мадияр Шәріпбаев күміс жүлдені еншіледі.