• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Шілде, 2023

Елена Рыбакина «Үлкен Дулыға» турнирінің екінші кезеңіне өтті

149 рет
көрсетілді

Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина Ұлыбритания Ашық Чемпионатында алғашқы ойынын өткізді. Уимблдон чемпионы «Үлкен Дулыға» турнирінде сәтті өнер көрсетіп, америкалық Шелби Роджерсті жеңіп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемнің үшінші ракеткасы Шелби Роджерсті (WTA рейтингінде 49-шы)  4:6, 6:1, 6:2 есебімен ұтты. 

Кездесу 1 сағат 44 минутқа созылды. Рыбакина мен Шелби кортта алтыншы рет кездесті, жекелеген ойындардағы есеп - 4:2, әрине басым ұпай қазақстандықтың еншісіне тиесілі.

Айта кетсек, Уимблдонда Уэльс ханшайымы Кэтрин де төбе көрсетті.