• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 05 Шілде, 2023

Тоқаев: Қоғамдық орындар барлық тұрғынға бірдей қолжетімді болуға тиіс

304 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған қала инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Білім беру, денсаулық сақтау нысандары, мәдени-демалыс мекемелері, саябақтар мен қоғамдық орындар қаланың барлық тұрғынына бірдей қолжетімді болуға тиіс. Әсіресе, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған қала инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру керек. Бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жетілдіре түсу қажет. Оны мойындауымыз керек», деді Мемлекет басшысы.Осы ретте ол елорда қала тұрғындарына ғана емес, еліміздің барша азаматына мол мүмкіндік беріп отырғанын айтты.

«Астанада әлемдік деңгейдегі клиникалары бар медициналық кластер қалыптасты. Мұнда күрделі операциялар жасалады, Қазақстанның әр аймағынан келген науқастарға жоғары деңгейде медициналық қызмет көрсетіледі. Біз қала аудандарын дамыту ісіндегі теңсіздікті жоспарлы түрде жоюымыз керек», деді Қ.Тоқаев.