Мемлекеттік кірістер комитеті Астана күні мерекесіне байланысты 6 шілдеде Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейтінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
«Тасымалдаушылар мен барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген хабарламада.