• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 06 Шілде, 2023

Астана - Отанымыздың жүрегі: Елордаға 25 жыл

915 рет
көрсетілді

Бүгін Қазақстанда мемлекеттік мереке - Астана күні атап өтіледі. Биыл еліміздің бас қаласы өзінің 25 жылдық мерейтойын тойлайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айтулы дата кездейсоқ таңдалмаған, дәл осы күні 1994 жылы Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімді мақұлдады. 1998 жылдың 6 мамырында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмоланы Астана деп қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды.

Айта кетсек, Елорда күні 10 маусымда жергілікті деңгейде атап өтілді. Тек 2006 жылы Астана күні 6 шілдеге ауыстырылды.

2008 жылы мереке мемлекеттік мәртебеге ие болды, содан бері 6 шілде бүкіл ел үшін демалыс күні болып саналады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазір Астана қарқынды дамып келеді және оның халықаралық беделі де арта түсті. Қазақстан астанасы әлемнің нағыз диалог алаңына айналды.

«Астана - Отанымыздың жүрегі. Дәл осы жерде ең маңызды шешімдер қабылданады. Алдағы уақытта да солай болатынына сенімдімін. Елордамыздың болашағы жарқын», деді Президент.

Айта кетсек, биыл қазақстандықтар Елорда күніне орай төрт күн – 6, 7, 8 және 9 шілдеде демалады.