Қазақстандық теннисші, әлемнің 262-ракеткасы Михаил Кукушкин Блумфилд Хиллс (АҚШ) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 240-ракеткасы, америкалықТеннис Сандгренмен ойнады.
М.Кукушкин 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 1 сағат 24 минутқа созылған матчта ол 2 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 1 брейкпен ерекшеленді.
М.Кукушкин финалда әлемнің 219-ракеткасы, тағы бір америкалық Стив Джонсонмен бас жүлдені сарапқа салады.