Өткен аптада футболдан Қазақстан кубогі жолындағы бәсекенің жартылай финал матчтары өтіп, финалға шыққан командалар белгілі болды.
Жартылай финалдың алғашқы жауап матчында Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында елорданың «Астанасын» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Алаң қожайындары сапынан Шахбоз Умаров пен Темірлан Ерланов мергендігімен көзге түсті. Астанада өткен бірінші ойында елордалықтар 1:0 есебімен басым түскен болатын.
Екінші жартылай финалда «Тобыл» мен «Атырау» командалары кездесіп, қостанайлықтар екі ойында да мұнайлы өлкенің клубын 1:0 есебімен жеңіп, Қазақстан кубогінің финалына шықты. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голды «Тобыл» сапынан Иван Рогач соқты.
«Ордабасы» мен «Тобыл» арасындағы финалдық матч төртінші қарашаға жоспарланған.