• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 11 Шілде, 2023

Астананың мәртебесі туралы заңға өзгеріс енгізіледі

385 рет
көрсетілді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Елорданы дамыту мәселелері жөнінде өткізген кеңес барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Елорданы дамытуға қатысты барлық мәселені жан-жақты ойластырып шешу маңызды. Ол үшін «Астананың мәртебесі туралы» заңға шұғыл түрде тиісті өзгерістер енгізу қажет. Заң арқылы әкімдіктің құзыреті мен жауапкершілігін күшейту керек», деді Мемлекет басшысы. 

Сондай-ақ Президенттің айтуынша, Астана тұрақты даму үшін оны тиімді әрі сапалы басқару қажет.

«Астананы өркендету үшін, ең алдымен, әкімдік, кәсіпкерлер және тұрғындар арасында сенімді серіктестік орнату қажет. Басты міндет – әрбір азаматтың тұрмыс сапасын жақсарту. Осыны дұрыс түсінген жөн», деді ел Президенті.